Жұбанов университетінің директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Жұбанов университетінің директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

 «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалғаны туралы хабарлайды. Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына Талғат Петрович Дюсеков кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусымен сайланды.

Талғат Дюсековтің әртүрлі салаларда, оның ішінде білім беру, мемлекеттік басқару және бизнесте мол тәжірибесі бар. Бұған дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жетекші лауазымдар атқарды, сондай-ақ Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесінің мүшесі болған. Қазіргі уақытта қоғамдық қызметке белсенді қатысып, Астанадағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалында Экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады.

Т.Дюсеков әлемнің жетекші университеттерінде білім алған: DOKUZ университеті (Түркия), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университеті (Ресей), сондай-ақ Sussex университеті (Ұлыбритания) мен Yale университеттерінде (АҚШ) біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Талғат Дюсековтың басшылығымен Директорлар кеңесі университеттің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес стратегиялық жұмысын жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...