Түркістан облысында «Даму және ерте араласу орталығы» ашылды

Түркістан облысында «Даму және ерте араласу орталығы» ашылды

Түркістан облысында «Даму және ерте араласу орталығының» салтанаты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар қорының денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі Бауыржан Жусупов және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысып, облысымызда ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мен ерте араласу жүйесін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Кентау қалалық емханасында ашылған «Даму және ерте араласу орталығының» қызметі балалардың өмірінің ең ерте кезеңдеріндегі даму ауытқуларын анықтауға және жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл балалық шақтағы мүгедектік деңгейін төмендетіп қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Орталықта жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларға скринингтер жүргізу, аутизмге түрлендірілген скринингтік тест, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаға қатыгездіктің алдын алу, патронаждық бақылаудың тиімділігін ұйымдастыру, балалар мен олардың отбасыларына қажеттілікті анықтау және ведомствоаралық көмекті ұйымдастыру, бес жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдеріне күтім мәселелері бойынша кеңес беру, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру сияқты көптеген көмек көрсетілетін болады.

Орталықтың құрамына аймақтық дәрігер, педиатр, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық мейіргерлер және бейінді мамандар тартылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...