Созақ ауданында «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» бағытындағы облыстық автомобиль жолының құрылысы жұмыстары жүруде

Созақ ауданында «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» бағытындағы облыстық автомобиль жолының құрылысы жұмыстары жүруде

Созақта өткен жылы КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталған күре жолдың жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы 7 шақырымға жуық жолға асфальт жабындысы төселген. Бұған қоса, биылғы жылы Қайнар елді мекеніндегі Әділбеков, Әметшеев және Қайнарбұлақ көшелері орташа жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, жалпы аудан көлемінде 917 шақырымдық автомобиль жолы бар. Оның ішінде облыстық маңыздысы - 435 шақырым, аудандық маңыздысы – 79 шақырым, елді мекендердің ішкі жолдары - 403 шақырым.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...