Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбырын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңгені құрайды. Онда 34,3 шақырым желі құрылысы қарастырылған, оның 20,8 шақырымы бұрын бөлінген қаражат аясында төселген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық жерлерде 99,4%-ды, ауылдық елді мекендерде 97,8%-ды құрайды. Түркістан облысы бойынша қала – 100%, ауылдар 98,1% ауызсумен қамтылған.

Қазіргі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту үшін қаражат бөлінді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...