Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді

Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді

Шымкент қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты. Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды. Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 миллиард теңге қаржы құйған.

Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.

Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді. Қаладағы 50-ге жуық өңдеуші кәсіпорын былтыр 168,5 миллиард теңгенің өнімін шығарған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыжай кешендерін салуға түркиялық Alarko Holding компаниясы 650 миллион доллар, ал Польшаның Fabe Polska SP кәсіпорны 136 миллион доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті екені айтылды.

Президент Шымкентке жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытын да аралап көрді. Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 миллион литрге дейін сусын шығара алады.

Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысқан соң, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...