Жұмысшы мамандықтар жылы: Ақтөбеде көлік саласына қатысты кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы: Ақтөбеде көлік саласына қатысты кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Аталған бастама аясында Ақтөбе қаласында көлік саласындағы білім алу мен мансаптық мүмкіндіктерге арналған кең көлемді кәсіби бағдар беру бойынша арнайы іс-шара өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Шығармашылық академиясы алаңында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің колледж студенттерімен, Ақтөбе облысының 9–11 сынып оқушыларымен және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары академиясы мен  «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Жиынға облыстық білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ өңір мектептерінің 400-ге жуық оқушысы мен студенті қатысты.

Көлік саласының алдыңғы қатарлы ұйымдары – «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазаэронавигация» АҚ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілі қатысып, баяндама жасады.

Спикерлер көлік саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері, сөз етілген бейінді оқу орындарына түсу шарттары, сондай-ақ жұмысшы және техникалық мамандықтардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Кездесуге қатысушылар авиадиспетчер, теміржолшы, автожол саласының мамандары сияқты сұранысқа ие кәсіптердің мән-маңызымен танысты.

Сала мамандықтарына сұраныс артып келеді – бүгінде көлік бағытында 34 мыңға жуық студент оқып жатыр. Яғни өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 14%-ға артқан.

Бұл көрсеткіш жастардың инфрақұрылым, логистика және көлік қозғалысы бағыттарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Кәсіби бағдар беру кездесуі жастар мен саланың тәжірибелі мамандары арасында ашық диалог орнатуға мүмкіндік беріп, еліміздің көлік жүйесінің болашағына үлес қосатын білікті кадрларды даярлау жолындағы маңызды қадам болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...