Қазақстан СІМ басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Қазақстан СІМ басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Жаркент, 2025 жылғы 12 сәуір – Тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту міндеттерін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Жетісу облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Министр «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» және «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақтарының, сондай-ақ «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті мен «Алтынкөл» халықаралық өткелінің қызметімен танысты. Аталған нысандардың Орта дәлізді кеңейту және «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыру аясындағы стратегиялық әлеуеті ерекше аталып өтті.

Жергілікті атқарушы органдармен, шетелдік және отандық инвесторлармен өткен кездесулер барысында қатысушылар Жетісу және Алматы облыстарының жоғары экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуетін атап өтті.  

Осыған байланысты көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, өңдеу өнеркәсібі және ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие басқа да салалардағы инвестициялық жобаларды дамытуға баса назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...