Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Әділетті Қазақстанды құру және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда терең орнықтыру үшін табанды еңбек етіп жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатырсыздар. Адал қызметтеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен Мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін, – деді Президент.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...