«Қала тазалығы- қоғам мәдениеті» Тұран ауданында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды

«Қала тазалығы- қоғам мәдениеті» Тұран ауданында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды

Елімізде экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-ке жуық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5 мемлекеттік мекеме мен 70-ке жуық кәсіпкерлік нысан , сондай-ақ 15- мыңнан астам тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 60-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 3000-ға жуық жасыл желек, ағаш көшеті егілді. Аудан аумағында 400-ге жуық ішкі орам, магистраль көшелер тазартылды.
Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Қоғам болып атқарылған бұл іс-шаралар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетіп келеді.
Сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен ортақ мақсатқа жұмылудың айғағы. Мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосып отыр

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...