"Таза қала - жайлы өмір": Қаратау ауданында экологиялық тазалық акциясы өтті

"Таза қала - жайлы өмір": Қаратау ауданында экологиялық тазалық акциясы өтті

2025 жылғы 23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды.

Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...