Түркістанда Ұлттық кітап күніне орай «Weekend.Book.Vibes» мәдени шараcы өтті

Түркістанда Ұлттық кітап күніне орай «Weekend.Book.Vibes» мәдени шараcы өтті

Түркістанда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бірлесуімен «Ұлттық кітап күніне» орай шара өтті. Салтанатты жиында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы арнайы сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан журналист Тельман Бейсен, тарихшы-ұстаз Баян Адырбек, мәдениет қайраткері, Түркістан қаласындағы «Әйелдер алқасының» төрайымы - Ұлжан Мұстафаева, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі - Сайлаухан Жоланов, журналист Төребек Байтас, ақын Дәурен Тілеухан ұлттық кітап күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Бұдан бөлек, іс-шараға «TalkLike» оқырмандар клубының мүшелері мен оқырмандары қатысты. Мәдени шара - кітап сүйер қауымның демалыс күндеріндегі оқуға деген махаббатын, жайлы атмосферасын және оқыған кітаптарынан алған әсерлерін бөлісуге бағытталған. Сондай-ақ, «Weekend.Book.Vibes» аясында «Оқырман дәмханасы» тақырыбында шара өтті. Сонымен қатар, іс-шара барысында әдеби викториналық сұрақтар, кітап көрмесі жасақталып, шолу таныстырылымдар өткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...