Қазақстан Халықаралық спорттық ынтымақтастықты кеңейтуде: ҚР Үкіметінде FIBA-мен келіссөздер өтті

Қазақстан Халықаралық спорттық ынтымақтастықты кеңейтуде: ҚР Үкіметінде FIBA-мен келіссөздер өтті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстанға арнайы шақыртумен келген Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) бас хатшысы, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының үйлестіру комиссиясының мүшесі Андреас Заглиспен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесуге ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов қатысты. 

Жиында тараптар Қазақстанда және халықаралық деңгейде баскетбол спортын дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе ұлттық федерациялардың әлеуетін арттыруға бағытталған FIBA Plus бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асырылу мүмкіндіктері сөз болды. Бұл бастама Қазақстан ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп іске асырылмақ. 

Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық спорт ұйымдарымен байланысты күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясындағы маңызды қадам болып отыр. Президент Париж Олимпиадасы-2024 жүлдегерлерімен кездесуде спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік жарыстарды Қазақстанда өткізу міндетін қойған болатын. 

Осы мақсатта елімізде халықаралық спорт ұйымдарымен тұрақты және жүйелі диалог орнауда. Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд Әл-Шаммари, Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусаллам және Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті Ненад Лалович сапарлап келді. Олар елдегі спорт инфрақұрылымымен танысып, Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылаған болатын. 

Енді Қазақстанға командалық, ойын спорт түрлерінің өкілдері де келе бастайды. Мәселен, осы күндері FIBA бас хатшысы Андреас Заглис Қазақстанға келсе, ал алдағы уақытта UEFA президенті Александр Чефериннің сапары жоспарланып отыр. 

Бұл еліміздің халықаралық спорт қоғамдастығымен байланысының тереңдеп келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан Үкіметі алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі келіссөздер арқылы Қазақстан спортының әлеуетін күшейтіп, әлемдік аренадағы беделін арттыруды жалғастыра береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...