Алматы жастары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілікке қатысты

Алматы жастары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілікке қатысты

2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы бойында орналасқан Орталық зиратта кезекті экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараға қаланың әр ауданындағы комьюнити-орталықтардың өкілдері қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мемориалдық аймағын тазалады.
Сенбілік жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, биылғы жылы 80 жылдығы аталып өтетін Ұлы Жеңіске арналды. Шараға 200 астам жас атсалысып, ардагерлер ескерткіштерінің айналасын тазалады.

Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор. Қанымен, жанымен жеңіс үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерлігін есте сақтау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Тазалық пен тәртіпке мән беру – салауатты қоғамның кепілі.
Қатысушылардың бірі, Алмалы ауданынан келген волонтер Байгабылов Елдар:«Бүгін біз тек сенбілікке келген жоқпыз, біз тарихқа тағзым етуге келдік. Менің атам да соғысқа қатысқан. Бұл жерге келу – мен үшін үлкен құрмет», – деп бөлісті.
Тағы бір қатысушы, Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісу Әбдіхалық Есен былай деді:«Жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы маңызды. Біз тек тазалық орнатып қана қоймай, рухани тәрбие алып жатырмыз».

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...