Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен толыққанды тоқыма кешені іске қосылады. Атап айтқанда, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

30 000 гектардан астам алқапта заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақта өсіріледі. Бұл ірі жоба – тоқыма саласындағы тәуелсіздікке, экономикалық тұрақтылық пен технологияда көшбасшылыққа жетелейтін маңызды стратегиялық қадам. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен қатар,ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына мол үлес қосады. Экологиялық бағытта да тиімді тәсіл саналады.

«Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (SPK Turkistan) және «Алтын дала мақта» ЖШС 2024 жылы Отырар ауданында толыққанды тоқыма кешенін салуды қолға алды. Қазіргі таңда жеке шикізат базасын, ұлттық тоқыма өнеркәсібінқалыптастыруда. Жобаның артықшылығы - шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық берілуінде.Салаға қажет технологиялар, оның ішінде тамшылатып суару жүйелері импортқа тәуелді болмай аталған кешенде өндіріледі.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 140 миллиард теңгеден асады. 4 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Жобаның өндірістік қуаттылығы:

Мақта өңдеу – жылына 180 000 тонна;

Мата – 45 миллион погон метр;

Үйге арналған тоқыма бұйымдары – 7 миллион дана.

Бастамаға кеңесші ретінде қытайлық «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» ЖШС тартылған.Компания тоқыма және тігін өнеркәсібі секторы бойынша нарықта 20 жылдық тәжірибесі бар Қытайдағы ірі кәсіпорын. Әлемге танымал брендтермен тікелей жұмыс істейді. Бүгіндеөндіріс орнының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар тамшылатып суару жүйелері орнатылып, біршама аумаққа мақтаның элиталық сорттарының тұқымы себілді.

Кластерлік тәсіл – барлық өндірістік тізбекті бір алаңда біріктіретін тиімді модель.Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және технологияның бірлігінен туындайтын синергия. Шығындарды азайту, сапаны жақсарту мен жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында екі зауыт салынады.

Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Аграрлық әлеуетті ілгерілетуге бағытталған мұндай баламасы жоқ жобалар тұтас ел экономикасына әсер етіп, жаңа даму нүктесіне айналдырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...