"Заң мен тәртіп": Қауіпсіз болашақ үшін бірлескен бастама

"Заң мен тәртіп": Қауіпсіз болашақ үшін бірлескен бастама

"Заң мен тәртіп" бастамасы аясында облыс прокуратурасы Қарағанды полициясымен бірлесіп, жастар арасында есірткінің алдын алуға бағытталған іс-шара өткізді.
Мақсаты — жасөспірімдерде есірткіден бас тарту көзқарасын қалыптастыру, құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараға Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Владимир Князев және ойыншылар қатысты.
Ашық әңгімеде оқушыларға есірткінің зияны, әлеуметтік желідегі қауіптер, жастарды заңсыз әрекеттерге тарту жолдары айтылды. Спортшылар өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды спортқа, жетістікке, дамуға ұмтылуға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...