Кендірлі әуежайы құрылысы екі ауысымда жүзеге асырылуда

Кендірлі әуежайы құрылысы екі ауысымда жүзеге асырылуда

Кендірлі әуежайының құрылыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Қазір құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

"Мердігер мекеме жер жұмыстары мен қазаншұңқыр қазу жұмыстарын атқаруда. Құрылысқа 60 бірлік арнайы техника мен 80 маман жұмылдырылды. Кендірлі үлкен туристік әлеуетке ие. Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астанаға бес ішкі авиарейсті, сондай-ақ көрші мемлекеттерге бірқатар халықаралық авиарейстерді ашу мәселесін пысықтап жатырмыз",- деп атап өтті Марат Қарабаев.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 2200 метрлік ұшу-қону жолағын салу көзделген. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды.

Сондай-ақ биыл Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл ішкі және халықаралық рейстер санын көбейтуге септігін тигізбек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...