Қазақстан ТЖМ Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуде

Қазақстан ТЖМ Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуде

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов Алтай ауданында су тасқыны кезеңінің өтуін тексерді, қазіргі уақытта өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатқан елді мекендерді аралады. Сонымен қатар жүргізілген алдын алу іс-шараларымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өзендерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, жағалауды нығайту және түбін нығайту жұмыстары, арналарды тазарту және тереңдету, бөгендер салу жұмыстары жүргізілді.

ТЖД бастығы Рашид Билялов вице-министрге жағдай қиындаған кезеңге күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Өз кезегінде елді мекендердің әкімдері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Вице-министр Өскемен қаласында өрт сөндіру деполарын қарап шықты. Ол ведомствоның басым бағыттарының бірі құтқарушылардың қызметі мен тұрмыс жағдайын жақсарту болып табылатынын атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында Рамиль Камалов өңір басшылығымен кездесті, онда су тасқыны кезеңі мен өрт қауіпті маусымның өтуінің маңызды мәселелері талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...