Шымкентте тыл ардагері шипажайға жолдама алды

Шымкентте тыл ардагері шипажайға жолдама алды

Шымкентте Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай тыл еңбеккерлеріне арналған әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда. Қаладағы құрметті ардагерлердің бірі — Сағындық Мустафин “Ақсу демі” шипажайына жолдама алды.

Сағындық Мустафин 1936 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Әкесі майданға аттанғаннан кейін, анасы екеуі шаруашылық жұмыстарға араласып, ел ішіндегі еңбек майданына ерте кіріскен. Кейін 19 жасында шахтада жұмыс істей жүріп, Қарағанды тау-кен институтының кешкі бөлімінде “Тау-кен” инженері мамандығын меңгерген. Ұзақ жылдық еңбектен соң, 1995 жылы зейнетке шығып, өмір сүруге жайлы Шымкент қаласына қоныс аударған.

Қазір тыл еңбеккерлері Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына келіп, шипажайларға жолдама алу мүмкіндігіне ие. Бұл шара — Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге көрсетілетін құрметтің бір көрінісі. Сонымен қатар, мереке қарсаңында тыл ардагерлеріне 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем де қарастырылған.

Әлеуметтік көмек шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...