Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді

Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Жол картасының аясындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі Жобалық офис отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Ұлттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер Мәжілісте қаралуда. Отырыс қатысушылары норма шығармашылық қызмет пен оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) займдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары жобасын әзірлеу барысы туралы есеп берді.

Сонымен қатар өткен тоқсанда қаржылық оператор ретінде «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ-ның қызмет регламенті әзірленді, салалар мен өңірлер бөлінісінде желілердің тозуын төмендету бойынша талдау жүргізілді. Биылғы жылдан бастап Ұлттық жобаға қатысатын өңірлердегі пилоттық ТМС тізімі анықталды: электрмен жабдықтау саласында – 18, жылумен жабдықтау саласында – 19, сумен жабдықтау бойынша – 24, су бұру бойынша – 26 кәсіпорын.

Мердігерді ЕРС-келісімшарт арқылы іріктеу механизмдері, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу нормалары талқыланды. Конкурстық рәсімдер жүргізілетін бірыңғай электрондық платформа әзірленуде.

Бұдан бөлек, Ұлттық жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 19 жобасын қамтиды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев бірқатар мемлекеттік органдарға бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды және осы жылдың жазында пилоттық жобаларды іске қосу үшін тапсырмаларды орындау қарқынын арттыруды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...