Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды

2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды. Онда ғалым-энциклопедистің өмірі, шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері туралы материалдар қойылған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, қолжазбалар мен еңбектері, Ресей Географиялық қоғамының мүшелігіне сайланғаны туралы дипломның көшірмесі, жеке заттары — бөркі, мылтықтың дүмі, Қашғар экспедициясынан әкелінген бірегей қытай вазасы, жорық торсығы, мыс кесе, зерлі белдік және басқа да құнды жәдігерлер бар. Көрмеге ұсынылған экспонаттар Орталық мемлекеттік музей мен «Алтынемел» мемориалдық музейінің қорынан алынған.

Көрмеде ерекше орын алған сирек жәдігерлердің қатарында Шоқан туыстарының бұйымдары да бар. Оның ішінде қарындасы Тәжібай киген аққу қауырсынынан тігілген сирек шапан, Бәдүгүл апасының бешпенті мнн белгілі кеңес суретшісі Н. Я. Третьяков салған Шоқан Уәлихановтың портреті бар.

Көрме аясында «Шоқанның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі тарихшы, философ, этнограф, географ және музейтанушы ғалымдар қатысты. Мамандар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми мұрасының маңызы мен рөлін талқылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...