Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция өтті

Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция өтті

Бүгін Түркістан қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында маңызды шара ұйымдастырылды. Бұл күні Түркістандағы «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батырлары мен соғыс ардагерлерінің қабірлерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты — еліміздің рухын көтеру және жас ұрпаққа патриотизм мен тағзым мәдениетін насихаттау.

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалынан басталған зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы экспедиция Түркістанға жетіп, «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батыры Расул Есетов пен Ауған соғысының ардагері Абдулхаким Ергешовтің рухына құран бағыштап, зират маңын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шара батырларымыздың ерліктерін еске алып, олардың рухына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері іс-шараның тек Түркістанмен шектелмейтінін, алдағы уақытта Отырар және Ордабасы аудандарында да жалғасатынын айтты.

Барлық азаматтар бұл бастамаға атсалысып, ата-бабаларының рухына тағзым етіп, туған жердің тазалығына үлес қосуға шақырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумының 25-ші жыл сайынғы сессиясына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің...

АҚШ-тағы жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Shell концернінің бас атқарушы директоры Ваэль Саванмен екіжақты кездесу...