Үш мектепке жапсарлас құрылыс және спорт мектебі салынып жатыр

Үш мектепке жапсарлас құрылыс және спорт мектебі салынып жатыр

Ақтөбе өңірінде құрылыс маусымы жанданды. Бүгінде білім, спорт және денсаулық сақтау нысандары мен жол құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақтөбе облысына сілтеме жасап.

Облыс орталығында №7, №8 және №51 мектеп-гимназиясына жапсарлас ғимарат салынып жатыр. Бұл осы оқу ордалары орналасқан ықшам аудандардағы 1300 оқушының білім алуына жағдай жасайды.

Ал облыстық мамандандырылған №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жаңадан бой көтеруде. Алматы ауданында орналасқан «Динамо» кешенінде 250 орындық трибуна қарастырылған. Спортшылар бір ауысымда баскетбол, волейбол, бокс және ауыр атлетика сияқты спорт түрлерінен жаттыға алады. Бапкерлер құрамы 10 адамнан құралмақ.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев құрылыс нысандарының ағымдағы жағдайын бағамдады, олардың сапасы және белгіленген мерзімдерге сәйкестігі тексерілді. Жауапты мердігерлерге жұмысшылар қатарын көбейту, кестеден ауытқымау және сапалы құрылыс материалдарын пайдалану керектігі айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...