Болашақ сардарлар мекені

Болашақ сардарлар мекені

Шымкент қаласындағы Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледж биылғы мерейлі күнін айрықша салтанатпен атап өтті. Бұл – Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қатар келген тарихи сәтте колледждің әскери оқу орны ретінде қайта құрылып, жаңа тыныс алғанына тура бір жыл толған кезең.
Мемлекеттік Ту шығарылып, Әнұран шырқалғанда көк туға көз тіккен әрбір жүрек Отан алдындағы парызды терең сезінгендей болды. Сап түзеген сарбаздардың айбыны, мінсіз тәртіп пен тыныштық – бұл оқу орнының тәрбиелік әлеуетін көрсетті.
Салтанатты шараны колледж бастығы, полковник Мақсат Ахшалов ашып, бір жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерді атап өтті. Ол өз сөзінде «Бүгінгі тәрбиеленушілер – ертеңгі ел қорғаны. Біздің міндет – оларға темірдей тәртіппен қатар, рух пен намысты сіңіру», деп атап өтті.
Мерекелік шараға Шымкент қаласы әкімдігінің және мәслихатының өкілдері, Тұран ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ қаладағы әскери бөлімдер мен күштік құрылымдар басшылары қатысты. Олардың жүрекжарды тілектері – жас сарбаздарға сенім мен үміттің көрінісі болды.
Қорғаныс министрінің атынан марапаттар табысталып, оқу орнының үздік қызметкерлері мен курсанттары ардақталды. Бұл марапаттар – адал қызметтің, табанды еңбектің және нағыз патриотизмнің белгісі.
Әскери колледж тәрбиеленушілерінің және қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы кештің көркін ашып, ел рухын асқақтатты. Сахна төрінен шалқыған ән мен күй, жүрекке жеткен жыр елдік пен ерлікке үндеді. Білім ордасы ендігі жерде болашақ сардарлардың рухани мектебі, отансүйгіш жастардың ұясына айналмақ. Мұнда әр күн – Туға тағзым, Әнұранға ант, елге адалдықпен өлшенеді.
Осындай шаралар – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудың, ұлттық рухты оятудың айқын үлгісі. Ертеңгі ел қорғандары дәл осындай ортада шыңдалып, тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен бейбіт болашағына қалқан болуға дайындалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...