«Қазсушар» филиалдары 300-ден астам жаңа техника алды

«Қазсушар» филиалдары 300-ден астам жаңа техника алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Келісімшарттарға сәйкес, техникалар Қазақстанның 14 облысындағы «Қазсушардың» 17 филиалына жеткізіледі. Соңғы кезең бойынша конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.

«Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...