Түркістан: Шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

Түркістан: Шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға қарасты Жылға ауылдық округіндегі Шеңгелді елді мекені табиғи газға қосылды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықты қуанышты сәтпен құттықтап, шалғай ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылығын білдірді.

Аталған елді мекендегі тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу үшін бюджеттен қаржы қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, газ құбырлары тартылды. Бүгінде елді мекендегі 300-ден астам отбасы және әлеуметтік нысандар «көгілдір отынмен» қамтылды.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданына қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 63 елді мекеннің 52 елді мекені табиғи газбен, 49 елді мекені ауыз сумен қамтылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...