Қарағандыда дәстүрлі «Жеңіс күні» республикалық турнирі 26(!) рет өтуде

Қарағандыда дәстүрлі «Жеңіс күні» республикалық турнирі 26(!) рет өтуде

Еркін және әйелдер күресінен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған біріншіліктің салтанатты ашылуы 7 мамыр күні Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден астам ұлдар мен қыздар (2009-2011 ж.т.) қатысады.  Жарысты ұйымдастырушылар - Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Дәулет» күрес түрлері бойынша ОРОМБЖМ.

- Бұл жаңадан бастаған балуандар үшін өте маңызды біріншілік, - деп, атап өтті халықаралық санаттағы төреші, еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Алексеевич Мыцык, - қазір көптеген танымал спортшылар өздерінің табысқа жету жолын осы жарыстардан бастады. Мұнда ел чемпионатына қатысатын  құрама командаларға  балалар іріктеледі. Ең бастысы, бұл турнир спортшылар арасында танымал әрі маңызды болып қана қоймай, сонымен бірге осындай ұлы мереке – Жеңіс күніне арналғандықтан тәрбиелік мәні зор. Балалар соғыс батырларын бір минут үнсіздікпен еске алды, осы сәтте әр балада арғы аталары үшін, бейбіт елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімдері пайда болатынына сенімдімін.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық әлеуетін...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет жетекшісінің тапсырмасымен Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ...