Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.

Бас хатшы То Лам сәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...