«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан ұсынылған 67 жобаның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың бірі - Маңғыстау облысындағы «Пакетная фабрика» ЖШС компаниясының жобасы. Компанияға 585 миллион теңге көлемінде қаржыландыру қолдау көрсетілді. Бұл жоба «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесе отырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыруға бағытталған.

«Пакетная фабрика» ЖШС жобасы қағазды қайта өңдеуді дамыту және жылына 3 мың тонна қағаз өңдеу қуатымен экологиялық таза қаптама өндіруге бағытталған.

Бұл жоба Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосады. 2030 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің деңгейін 40%-ға, 2050 жылға дейін 50%-ға жеткізу жоспарлануда.

Министрлік «Жасыл даму» АҚ арқылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың қызметін әрі қарай жариялап отыратын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...