Көшелердің құрылыс жұмыстары бақылауда

Көшелердің құрылыс жұмыстары бақылауда

Тұран шағын ауданындағы (Солтүстік-Шығыс бөлігі) №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол (тротуар), веложол (велодорожка) және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Көрсетілген нысандардың №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылды соңына дейін аяқтау жоспарға қойылуда.

Аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан жол құрылысының жұмыс барысын және көп қабатты үйлерге кіріс жолдары мен ирригация жүйелерін мердігер мекеменің нысан басшысымен бірге аралап, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Айта кетейік, Тұран шағынаудандағы 3, 4, 5, 9, 11, 12, 13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Француз Республикасының Мәдениет министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік...