Олжас Бектенов аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Олжас Бектенов аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Талғат Бегелдинов соғыс жылдарында әуеде 500 сағатқа жуық ұшып, 305 рет әскери шабуылға шыққан, жаудың 7 ұшағы мен көптеген әскери техникасын талқандады. Сәтті орындалған барлау операцияларының нәтижесінде ол үздік әуе барлаушыларының бірі ретінде танылды. Батыр Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға, инфрақұрылым салуға және кәсіби мамандар даярлауға зор үлес қосты. 

Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен барша майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...