Сапалы электр қуатына қол жеткізіледі

Сапалы электр қуатына қол жеткізіледі

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекен электр жарығымен қамтылған. Алайда, 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елдімекенде электр қуаты сапасыз болып отыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сапалы электр қуатымен қамтылған шағын аудандар мен тұрғын алаптар санын арттыру мақсатында биыл 3 қосалқы станция мен 16 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жылы Бозарық 220/110/10 кВ, «Ақжар» 110/35/10кВ, «1-М-1» 110/10кВ қосалқы станцияларының құрылысы аяқталып, Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ шағынаудандарына сапалы электр жарығы беріледі.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке -20 жыл, Жалын, Достық тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары да аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Нәтижесінде жыл соңына дейін 21 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, көрсеткіш 97%-ға өседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Біз өңірлік және жаһандық қақтығыстарды талқылаймыз. Алайда Сіз Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде келіссөздер БҰҰ мен басқа да ірі...

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын...

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы...