Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян елордадағы шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейді аралап көрді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандарға қазіргі кезде оқу ошағында 2800 бала білім алып, 159 педагог еңбек ететіні жөнінде ақпарат берілді. Биылғы оқу жылында «Цифрлы мектеп» жобасы дайындалып, жаратылыстану және математика пәндері 7 бағытта, атап айтқанда, IT STEM, FAB LAB, роботты техника, қолданбалы математика, биоинженерия, математикалық модельдеу, биохимия салаларына бөліп оқытылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян араб тілі кабинетін көрді. Мектеп оқушылары араб тілі мен әдебиетін меңгеруде жеткен жетістіктерін танытты.

Сондай-ақ оқушылар Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды. Онда екі елдің ынтымақтастығы мен достығына арналған көрме ұйымдастырылған. Экспозицияға ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі араб әлемі жөнінде сыр шертетін кітаптар, ұлттық киім үлгілері мен тарихи жәдігерлер қойылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...