Арыста шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Арыста шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Арыс қаласында көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Биылғы жылы бұл шаралар наурыз айынан басталып, жоспарға сәйкес шілде айына дейін жалғасатын болады. Арыс қаласына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі, Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді мекендері кіреді.

Бүгінгі таңда ғылыми топтың қорытынды нұсқамасына сүйене отырып, дезинсекция жұмыстары екі түрлі әдіспен жүргізілуде. Дернәсілдермен күресу үшін суқоймаларға биологиялық препараттар жіберу әдісі қолданылса, шіркейлердің шоғырлану қаупі жоғары аймақтар — су қорғау аумақтары, жағалаудағы ағаштардың бұталары, елді мекендер мен оған жақын орналасқан 10-15 шақырым жерлер химиялық әдіспен залалсыздандырылуда. Әр секторда арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған: 2 дана дезинсекциялық техника, 5 дезинфектор маманы және 1 ғылыми сүйемелдеуші маман тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...