Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...