Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановтың жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды.

Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...