Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды

Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды
Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан қазақстандық су саласының 120 маманы өтеді. Оқыту курстары Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінген жоқ.

Биылғы наурыз айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын еске сала кетейік.

Құжат су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды және мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді.?
«Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.8110:56
 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның...