Шымкент: «Отбасыммен кітап оқимын» атты кеш өтті

Шымкент: «Отбасыммен кітап оқимын» атты кеш өтті

15 мамыр - Халықаралық отбсы күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Оқитын отбасы – ұлт болашағы» жобасы аясында «Отбасыммен бірге кітап оқимын» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері, ұстаздар мен оқырмандар Рахишевтер отбасымен кездесті.

Жиында отбасында кітап оқудың маңыздылығы, оқырман отбасыларын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және оқуға деген қызығушылығын арттыру насихатталды.

Рахишевтар отбасы өздерінің кітап оқу дәстүрімен бөлісіп, өлең оқып, өнерлерін көрсетті. Оқырмандардың сауалына жауап беріп, пікір алмасты.

Шымкентте халықаралық отбасы күніне орай көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Бүгін бір мезетте 180 орында түрлі іс-шаралар өткізілсе, оның 160-ы білім беру ұйымдарында, 20 мәдени-демалыс аймақтар мен саябақтарды өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...