Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Арқалықта Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет салынған жаңа мектепке барды. «Жайлы мектеп» Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған, былтыр жыл соңында пайдалануға берілді. Мектеп 300 орынға арналған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Қостанай облысында білім беру жүйесі дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыстың шалғай аудандарында инфрақұрылымдық жобалар, оның ішінде орта білім беру мекемелерінің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.

«Арқалық туралы айтсақ, бүгінде мұнда  25 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Былтыр 140 орындық балабақша ашылды. Орта білім туралы айтар болсақ, Арқалықта 12 мектеп бар, олардың бірі «Жайлы мектеп». Былтыр қарашада пайдалануға берілді. Мектеп халықаралық стандарттарға сай. Айта кетейік, біздің барлық 6 жайлы мектебімізде білім қазақ тілінде беріледі», — деді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Айман Ибраева.

№7 орта мектеп директоры Ақтоты Кисикова нысанның іске қосылуы оқу жағдайын жақсатып қана қоймай, қаладағы мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі уақытта мектепте 316 оқушы оқиды, оның ішінде 42-сі 1-сынып оқушысы. Сыныптардың орташа толымдылығы 17–18 оқушыдан. Барлығы 19 сынып. Оқу процесі екі ауысымда ұйымдастырылған. Мектеп жиһаз және құрал-жабдықтармен 100% қамтамасыз етілген.

«Мектепте робототехника кабинеттері, цифрлық зертханалар мен практикалық сабақтарға арналған шеберханалар жабдықталған. Тіпті бастауыш сыныптарға да заманауи құралдар мен жабдықталған сыныптан тыс аймақтар қарастырылған», — деді ол.

Ұжымда 38 педагог қызмет етеді. Мұғалімдердің жартысынан астамы біліктілік санаттарына ие, олардың қатарында педагог-шеберлер, модераторлар, сарапшылар және зерттеушілер бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...