Спорт инфрақұрылымын дамыту: 2025 жылдың негізгі жобалары

Спорт инфрақұрылымын дамыту: 2025 жылдың негізгі жобалары

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елімізде спорт инфрақұрылымы саласындағы ауқымды жобаларды іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын қайта жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды. Бірінші кезеңде жарықтандыру, алаң, табло және дыбыс жүйесі жаңартылды. Екінші кезеңде трибуналар, киім ауыстыратын бөлмелер мен санитарлық тораптар күрделі жөндеуден өтіп, жаңа корпус салынды.

Қызылордада 10 000 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың шілде айы.

Астанада Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысы басталды. Пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың I тоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ Астанада Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба екі кезеңнен тұрады. Нысанды тапсыру мерзімі жыл соңына жоспарланған. Оқу орны колледжден бастап докторантураға дейінгі толық білім беру циклын қамтиды.

Түркістанда ескек есу каналының құрылысы жалғасуда:
? бірінші кезек толықтай аяқталған,
? екінші кезек 95% орындалған,
? үшінші кезек 30% деңгейінде.
Барлық кезең жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Айта кетейік, 2024 жылы елімізде 90 спорт нысаны салынды. Оның 61-і ауылдық жерлерде, 29-ы қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...