Қазақстан СІМ-де мектептегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де мектептегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Қазақстан халықаралық мектебі (Kazakhstan International School – KIS) директорлар кеңесінің төрағасы Ханс Деваелемен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сұхбаттастар халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдениетаралық түсіністікті кеңейту және Қазақстан балаларына сапалы білім беру мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.

Мектеп өкілдері шетелдік және отандық оқытушылардың бірлескен еңбегі арқылы оқу орны жоғары халықаралық стандарттарға сай білім беріп келе жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

KIS – халықаралық стандарттар бойынша оқытатын жеке халықаралық мектеп. 2024 жылы Астанада мектептің жаңа кампусы ашылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...