Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...