Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің инфрақұрылымы және өндірістік қызметімен танысты

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің инфрақұрылымы және өндірістік қызметімен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» Қазақстан-Қытай автокөлік өткізу бекетінде болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өтті.

Сапар барысында Роман Скляр пункттің инфрақұрылымы және өндірістік қызметімен танысты, рәсімдерді цифрландыру, өткізу қабілеті деңгейін, сондай-ақ жүк тасымалының ашықтығы мен үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету барысын бағалады.

Тексеру қорытындысы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдету, жүктерді өңдеу мерзімдерін сақтай отырып, санитарлық-бақылау талаптарын қамтамасыз ету, сондай-ақ өткізу процестерінің тиімділігін арттыру үшін заманауи IT-шешімдерді енгізу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өткізу пункттерінің ҚХР-мен белсенді экономикалық өзара іс-қимыл жағдайында экспорттық-импорттық операцияларды орнықты дамыту және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін стратегиялық маңыздылығы атап өтілді.

Аталған тапсырмалардың орындалуы Үкіметтің тұрақты бақылауында болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...