Алматыда кәсіпкерлікке 70 млрд теңге бөлінді

Алматыда кәсіпкерлікке 70 млрд теңге бөлінді

Алматыда бизнесті қолдауға 2025 жылы 70 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 52,8 млрд теңге – жергілікті, 17,2 млрд теңге – республикалық бюджеттен бағытталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық.

1 наурызға дейін жалпы сомасы 18,8 млрд теңгені құрайтын 197 жоба қаржылай қолдау тапты. Оның ішінде 135 жоба субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы 16,6 млрд теңгеге қаржыландырылды. Гранттарға 200 млн теңге бөлініп, байқау жыл соңына дейін жалғасады.

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша қалада белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 378,9 мыңға жетіп, жыл басымен салыстырғанда 7,4%-ға өсті.

Бұл шаралар шағын және орта бизнесті жандандырып қана қоймай, жүздеген жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Осылайша, Алматыда экономикалық белсенділік артып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі де нығая түспек.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...