Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Инвестициялық штаб отырысында өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде газ химиясы, санфаянс өндіру зауыты, сондай-ақ құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын кәсіпорын құрылысы және басқа да маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Трансқазақстандық теміржол дәлізін жаңғырту жөніндегі шаралар, сондай-ақ магистралды желінің өткізу мүмкіндігін арттыру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру мәселелерін қарастырды. Қолданыстағы кедергілерді жоюға және Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің жедел өсуі үшін жағдай жасауға бағытталған шешімдер қабылданды.

Инвестициялық штаб еліміздегі инвестициялық ортаның тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Өз қызметі шеңберінде ол реттеуші саясатты жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді жоюға және экономиканың негізгі салаларына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...