Түркістан облысы: жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылады

Түркістан облысы: жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылады

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. Олардың 2 313-і «Алтын белгіге», 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, 9-сыныпты 45 мыңға жуық оқушы бітіреді. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерге оқуға тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.

«Биыл 11-сынып түлектері үшін мектеп бітіру іс-шарасы 23 мамырда барлық мектептерде ұйымдастырылады. Қорытынды мемлекеттік емтихандар 9-сыныптар үшін 29 мамыр-10 маусым аралығында, ал 11-сыныптар үшін 30 мамыр-16 маусым аралығында өтеді. Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеуге облыс бойынша 27 386 түлек қатысады. Тестке қатыспайтын 6 498 түлек колледждерге барады»,- деді спикер.

Айгүл Ерғалиқызының сөзінше, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 мектеп ашылады. Оның ішінде 13-і пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 16 мектеп ел игілігіне тапсырылмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 2025-2027 жылдары 115 мектеп жаңғыртудан өтіп, биыл 41 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, Түркістан облысында биыл алғаш рет модульді жатын бөлмелермен жабдықталған 5 жазғы лагерь іске қосылады. Жалпы саны 52 модульді бөлме мен санитарлық блоктар орнатылып, бір ауысымда 1000-нан астам бала қабылданбақ. Осы ретте, жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьлермен қамтылады. Сондай-ақ, биыл жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандарды даярлауға бөлінетін 15 мыңнан астам гранттың 9 500-і аталған салаға бөлініп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...