Шымкентте «TOLQYN» пікірсайыс клубы өз жұмысын бастады

Шымкентте «TOLQYN» пікірсайыс клубы өз жұмысын бастады

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен қаланың колледж студенттерінен құралған жаңа «TOLQYN» пікірсайыс клубы өз жұмысын ресми түрде бастады. Қазіргі таңда клуб құрамында 27 белсенді жас пікірсайысшы бар.

Клубтың басты мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін және сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылау арқылы олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын нығайту.

«TOLQYN» клубының жұмысына Шымкент қаласының тәжірибелі пікірсайыс жетекшілері – «Болашақ» және «Ақиқат» сынды танымал клубтардың жетекшілері қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп келеді.

Дәрістер мен пікірсайыс жаттығулары аптасына үш рет, соның ішінде жексенбі күндері де тұрақты түрде өткізіледі. Бұл тұрақтылық клуб мүшелеріне пікірсайыс мәдениетін терең меңгеруге және зияткерлік тұрғыдан дамуға үлкен мүмкіндік береді.

«TOLQYN» пікірсайыс клубы – белсенді, ойы ұшқыр, сөз саптауы мен көзқарасы нық жастардың алаңы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумының 25-ші жыл сайынғы сессиясына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің...

АҚШ-тағы жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Shell концернінің бас атқарушы директоры Ваэль Саванмен екіжақты кездесу...