200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынуда. Бүгінгі таңда 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады. Оның айтуынша, ұлттық жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде салынуда. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласы қазіргі заманғы жайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жоспарланған», - деді министр баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, бұл мектептердің артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігінің құрылуда. Мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда, 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жарақтануы 4 есеге артық.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...