Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі.

Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады. 

Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 468 нысанда жұмыс аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...