«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

Шымкенттегі Орталық кітапханада «Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалардың сурет байқауы өтті. Елімізде Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізінде бекітілген «Қазақстан  балалары» онкүндігі аталып өтуде. Отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін сипаттайтын балалардың суреттер байқауы да сол онкүндіктің аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – отбасы, ата-ана құндылықтарын дәріптеу, балаларды  алғыс айтуға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық белсенділігін, сурет салу арқылы  эстетикалық сезімін дамыту.

Байқауға №2 музыкалық  мектебінің оқушылары мен Арт Студия «Солнышко»-ның оқушылары, сондай-ақ  қала мектептерінің  белсенді оқырмандары мен қонақтары қатысты. «Отбасым–байлығым»  атты ата – аналармен, ұстаздармен  сұхбат сағаты өтті.

Оқушылар орындауында  «Отбасы–бақыт мекені»  атты әдеби композиция көрсетіліп, «Әке, ана сіздерге мың алғыс» тақырыбында отбасына, ата-аналарына  жүрекжарды алғысын жолдады.

Байқаудың шарты бойынша отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін қылқаламмен қағаз бетіне түсірген ең әдемі, ең мағыналы сурет иесі байқауда «Үздік сурет», «Ең әсерлі сурет», «Мейірімге толы сурет», «Жанұя жылуы» атты номинацияларға ие болды.              

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...