Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Солардың бірі – Бұқар-Жырау ауданының Жаңақала ауылында анықталған жасырын есірткі зертханасы. Жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткі — мефедрон өндірісімен айналысқан зертхана қызметі тоқтатылды.

-Арнайы тінту кезінде тәртіп сақшылары бір тоннаға жуық химиялық прекурсор мен 500 грамнан астам дайын есірткі затын тәркіледі. Күдікті — Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалды,-деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Бұл биылғы жылы анықталған екінші ірі есірткі зертханасы. Бұған дейін Асыл ауылында жүргізілген арнайы операция барысында тәртіп сақшылары 200 килограммға жуық есірткі және оны өндіруге арналған кәсіби жабдықты тәркілеген болатын. Осы іске қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 25 жастағы ер азаматы мен 29 жастағы әйел ұсталды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары есірткі өндірісіне және таралуына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді шараларды қолға алды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының басты басымдығы болып қала беретінін атап өтеді. Заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі әрі үздіксіз жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...